378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім саласындағы реформалар оңтайландырылады

  • 361
  • UPD: 16:33, 27.02.2019

Президент білім саласында реформаларды оңтайландыру керектігін атап өтті.

«Үштілділікті біртіндеп енгізу қажет. Біздің балалар әлемнің әр елінде білім алады. Сондықтан олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі маңызды. Ол үшін алдымен мұғалімдерді дайындау керек. Білім және ғылым министрлігі бұл салада дұрыс бағыт таңдады. Дегенмен барлығын саралап, салмақтап халыққа түсіндірілгені абзал», – деді  Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әр өңірде бір озық жоғары оқу орнымен кем дегенде 10 заманауи колледж болу керектігін тілге тиек етті. «Оқу орындарының тиімділігі түлектердің жұмысқа орналасуымен бағаланады. Еліміздің әрбір азаматы білімді ғана емес, дені сау болуы керек», – деп түйіндеді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Владеть родным казахским, русским, международным английским это важно. Но не нужно это делать топорно. Сначала нужно педагогов подготовить. Педагоги, владеющие английским языком и препадающие физику, математику и химию это сколько нужно их учить? Наше министерство поставило задачу завтра прямо взять и всем учителям начинать преподавать. Приглашают их на три месяца, обучают. Кто будет преподавать на английском за три месяца? Может легче пригласить учителей из-за рубежа? Поэтому эта цель и задача остается. МОН правильную политику вёл, но всё должно быть разумно и разъяснено людям.

Хабар 24 телеарнасы