378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық оқушы жасанды таудың үлгісін жасап шығарды

  • 323
  • UPD: 13:58, 15.03.2019

Петропавлдық оқушы табиғаттан қуат көзін алатын жасанды таудың үлгісін жасап шығарды.

Сәбит Өсербай оны қала ішінен тұрғызуды ұсынып отыр. Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірті бұл шаһардың ажарын ашып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімді. «Экологиялық жобаның қоршаған ортаға тигізер пайдасы өте зор» дейді ол.

Сәбит Өсербай, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Мен таулардың үстіне күн панельдерін қойдым. Және де бұл өзен айналдыратын генератор, сонымен қатар оны тазалайтын фильтр ретінде қолдануға болады. Мысалы, Алматыда немесе Көкшетауда таулар бар. Петропавлға да осындай орын қойғым келді.

Хабар 24 телеарнасы