379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің жастары Румынияда тегін оқу мүмкіндігіне ие болды

  • 182
  • UPD: 09:23, 21.03.2019
Еліміздің жастары Румынияда тегін оқу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстандық студенттер Румынияда тегін білім ала алады. Румындар шетелдік жастарға арнап, 6 мың білім грантын бөледі.

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен Румын диаспорасы Министрлігінің мемлекеттік хатшысы Виктор Алексеевтің кездесуінде белгілі болды.  Осы орайда, Румын тарапы Астанада лингвистикалық орталық ашуды ұсынды. Онда студенттерге тілді меңгеруге барлық жағдай жасалады. Сондай-ақ, кездесуде қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі таныстырылды. Виктор Алексеев Қазақстан Халқы Ассамблеясын барлық этностық топтардың мүддесін қорғайтын бірегей алаң  деп атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 15 мыңнан астам румын тұрады. Елімізде олардың қауымдастықтары  мен ұлттық-мәдени бірлестіктері жұмыс істейді.

Виктор Алексеев, румын диаспорасы министрлігінің мемлекеттік хатшысы:

- Біз Астанада мәдени лингвистикалық орталық ашуды ұсынып отырмыз. Сіздер бұл бастаманы қолдайды деген сенімдеміз.  Орталық Астанада оқу бітіріп, Еуропада жоғары білім алғысы келетін жастар үшін қызмет ететін болады. Осы ретте неге румын еліне бармасқа? Қазақстандық студенттер Румияның мемлекеттік стипендиясына ие бола алады. Жыл сайын біздің ел шетелдік студенттерге  6 мың грант бөледі.

Хабар 24 телеарнасы