379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде оқушылардың республикалық олимпиадасы мәресіне жетті

  • 125
  • UPD: 13:10, 21.03.2019
Ақтөбеде оқушылардың республикалық олимпиадасы мәресіне жетті

Назарбаев зияткерлік мектептінің оқушылары еліміздегі ең білімді деп танылды. Ақтөбеде жаратылыстану және математика бағытында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада мәресіне жетті.

Үздік жүлдеге Астана қаласы білім ордалары құрамасы қол жеткізді. Ал командалық есеп бойынша күміс медальдар Алматы қаласы құрамасы мен республикалық физика-математикалық мектебі өкілдеріне табысталса, үшінші орынды Павлодар және Ақтөбе облыстарының өрендері өзара бөлісті. Білім додасына еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден астам оқушы жиналған. Айта кету керек, бұл сайыс биыл 20-шы мәрте өтуде. Айта кету керек алғашқы республикалық олимпиада Ақтөбе жерінде бастау алған болатын. Биылғы білім додасының ерекшелігі – кез-келген азамат сайыстың өту барысы мен әділқазылар алқасының жұмысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Бұрын әділ-қазылар өздері дайындайтын еді сұрақтардың бәрін олимпиадаға. Енді біздер басқаша істедік. Ешкім білген жоқ. Басқа бөлек адамдар, өзіміздің мұғалімдер дайындады. Басқа әділқазылар шешімін шешті.

Хабар 24 телеарнасы