377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикадан келген магистрант қыз қымыздың қасиетін зерттеп жүр

  • 179
  • UPD: 09:25, 24.03.2019

Ұлы дала мәдениеті шетелдіктердің басты назарында. Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдарына қызықпайтын адам кемде-кем. Мәселен, дәмді әрі табиғи құнарлы қымыздың емдік қасиеті көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Мұхит асып келген мексикалық қыз Сандра Реал да бүгінде бойға нәр берер қымыз сусынын зерттеп жүр.

Қырық ауруға ем қымызды ішіп, әрі дәмді екенін білген Сандраның ұлттық сусынға деген қызығушылығы арта түсті. Дүкен сөрелерінде тұрған отандық сүт өнімдерінің ішінде мексикалық қыздың тілін үйірген де дәл осы қымыз болатын. Назарбаев Университетінің екінші курс магистранты туған елінде бие сүтін зерттей алмаған. Мүмкіндік болмапты, айтуынша. Ал Қазақстанға келгелі алғашқы ғылыми жұмысын қымыздан бастауды шешкен.

Сандра Реал, Назарбаев Университетінің 2-курс магистранты:

- Астана мен Алматы базарларын аралап шықтым. Сатушылар мен тұтынушылардан қымыз сусыны туралы сұрадым. Артынша дәмін татып, құрамына қызыға бастадым.

Сандраның қымызды зерттеу жұмысы бакалавриаттан басталды. Алайда алғашында ол шетелдіктердің сүт өнімдеріне қатысты көзқарасы мен талғамына талдау жүргізді. «Қазақстанда қымыздың, жалпы сүт өнімдерінің түр-түрі бар, ал Мексикада мұндайды дүкен сөрелерінен таппайсыз» дейді Сандра.

Сандра Реал, Назарбаев Университетінің 2-курс магистранты:

- Әрине, мексикалықтар да сүт өнімдерін тұтынады. Бірақ біздің дүкендер сүт пен ірімшік өнімімен ғана шектеледі. Мексика мен Латын Америкасында төрт түлік сусыны туралы ежелде білмеген. Білгеннің өзінде тұтынбаған. Ал қазақ асханасының тарихы тереңде жатыр.

Сандраның айтуынша, мексикалықтар кактус сусыны мен жүгері өнімдерін жиі қолданады. Біз үшін таңсық саналатын ішімдіктер, жергілікті халқы үшін ұлттық мәзір. Қыздың ендігі арманы - қымыз дәмін Мексикадағы туыстары мен достарына татқызу. Ал әзірше болашақ ғалым Сандра Реал қымызды зерттеу жұмысымен қатар қазақ тілін де меңгеріп жатыр.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы