376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша 100-ден аса мектепте STEM зертханасы ашылды

  • 239
  • UPD: 22:25, 25.03.2019

«Болашақ» бағдарламасының бір топ түлектері жасаған ай-ти бағдарлама бүгінде әлемнің 5 мемлекетіне сатылды. Атап айтқанда Ресей, Украина, Латвия, Литва, Дубайда отандық STEM академиясының жобасы негізінде кәсіпкерлерді дайындап жатыр. Бағдарламаға елімізде де қызығушылық жоғары. Республика бойынша 100-ден аса мектепте STEM зертханалары ашылды. Оның мақсаты не?

Инженерлік жобалау, робот техникасы мен 3 Д модельдеу мұның барлығын STEM ғылымы үйретеді. Әлемде кеңінен танымал бұл сала елімізге де біртіндеп еніп жатыр. Қуантарлығы оқушылар физика, химия, математикадан алған білімдерін іс жүзінде іске асырып келеді. Тың жобаларды ойлап тауып, тіпті нарыққа шығаруда. Осындай зертханалардың бірі Астанадағы мектептердің бірінде ашылды. Жас өнертапқыштардың қолынан шыққан тың дүниелер бүгінде сұранысқа ие. Мәселен, мына мүгедектерге арналған қарапайым арбаны енді  автоматты түрде басқаруға болады. Арнайы қондырғыны 10-сынып оқушысы жасаған. Жоба авторының айтуынша әлемде оның баламасы жоқ.

Жанат Нугуманов, STEM зертханасының оқытушысы:

- Бұл қондырғыны мүгедектердің өздері 5 минуттың ішінде ешкімнің көмегінсіз орната алады. Кейіннен арба арнайы тетікшенің көмегімен қозғала бастайды. Шет мемлекеттерде осындай автоматты басқару жүйесі бар 1 арба кемінде 250 мың теңге тұрады. Ал бұл қондырғыны  нарыққа шығарсақ, небәрі 50 мың теңгеге саудаланады. Кейіннен кез-келген арбаға орнатуға болады.

Оқушылар ойлап тапқан тағы бір әлеуметтік жоба зағип жандарға арналған. Олар осы таяқтың көмегімен серуендей алады. Егер алдында қандай да бір кедергі болса 1 метр бұрын датчиктер іске қосылып, дабыл қағады. Бағасы небәрі 5 мың теңге. Тағы бір жобаның саяхатшыларға көмегі зор. Құралдың көмегімен күннен алған энергия арқылы ұялы телефондарды қуаттауға болады.  

Диас Нұрланов, 8-сынып оқушысы:

- Бізде 30 диск болады. Сол 30 диск 5 вольт энергия жинайды. Телефонды қуаттауға жетеді. 01,07 Осы дискті алғанымыз себебі бұл диск күнді жақсы қабылдайды. Осы мыс арқылы күннен энергия алып, бір-біріне қуат беріп зарядтайды. 

Мектептерде осындай зертхана ашу үшін 12-17 млн теңге қажет. Бұл қаражат 3 Д модельдеуден бастап, бағдарлама жасауға қажетті барлық жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, "STEM" академиясы өздері жасаған бағдарлама негізінде ұстаздарды оқытып, олардың білімін үнемі жетілдіріп отырады. Айтпақшы академияның негізін 2014 жылы Болашақ бағдарламасының бір топ түлектері қалады. Соның бірі Әбүтәліп Мүтәлі.

Әбүтәліп Мүтәлі, STEM академиясының негізін қалаушы:

- Стем лабораториялары уникальды біздің ұсынған бағдарламамыз. Осы бағдарлама бойынша қазір Қазақстан бойынша 70 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. 500-дей оқушы біздің онлайн білім беру платформасына  жалғанған. Жақында ғана 5 мың оқушы қатысқан үлкен онлайн Олимпиада өткіздік. Оның нәтижесінде балалар жақсы көрсеткіштер көрсетті. Сол көрсеткіштер бойынша олардың білімін одан әрі дамытып, сол балалардың болашақта нарыққа өнім шығаруына мүмкіндік жасаудамыз.

STEM академия тек оқыту бағдарламасын түзіп қана қоймай, тың жобаларды жасауды үйрететін оқулық та шығарды. Бүгінде АҚШ-та арнайы платформада саудаланып жатыр. 2 ай ішінде оқулықтың 250-ден астам данасы сатылды. Ал кәсіпкерлерді оқытатын бағдарламаның 1 франшизасы кемінде 1,5 млн теңге тұрады. Болашақтықтар тек өздері табыс тауып қана қоймай, елімізде ай-ти саласының дамуына да үлес қоспақ ниетті.

Ол үшін  Цифрлық Қазақстан жобасы негізінде қазір STEM 2020-2023 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеп жатыр. 1 ай бұрын Тұңғыш Президентке шілде айында дайын жобаны ұсынамыз деп уәде берді.

Әбүтәліп Мүтәлі, STEM академиясының негізін қалаушы:

- Мемлекет бізді  шетелде оқыту үшін теңгеге доллар сатып алды. Бізді оқытты. Ал біз мемлекеттің шығынын қайтару үшін өнім өндіріп сол өнімді шетелге теңгемен сатып мемлекет алдындағы қарызымызды қайтару керекпіз.

Болашақтықтар ел алдындағы борышын ақтау үшін Байқоңырдан қызылжұлдыз ғаламшарына зымыран ұшыратын ойын да ойлап тапты. Ол Қазақстанды ғарыш айлағы арқылы әлемге танытып ғана қоймай, балалардың ой-өрісін дамытуға бағытталған. Жоба авторлары отандық өнімді нарыққа шығару үшін «Астана хаб» платформасы негізінде инвестор іздеу үстінде.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы