384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар: Сібір бақасы оттегісіз үш айға дейін өмір сүреді

  • 954
  • UPD: 17:59, 26.03.2019
Ғалымдар: Сібір бақасы оттегісіз үш айға дейін өмір сүреді

Магадандық биолог ғалымдар сібір бақасының бірнеше ай бойы оттегісіз өмір сүре алатынын анықтады.

Бұған дейін ғалымдар тіпті амфибиялардың оттегі жеткіліксіз болған кезде бірнеше күн де өмір сүрмейді деп есептеген болатын.

«Бұл бақа бізде Магадан облысында бар, алайда олар Якутияда тіпті көп. Қаңтар-наурыз айларында аталған аймақтарда көптеген су қоймаларындағы оттегі мөлшерін өлшеп, бір литрге 0,1-0,3 микрограмм екенін анықтадық. Бұл жағдайда балықтар (мөңке балық пен көкталмадан басқасы) өліп қалады, ал сібір бақасы – жоқ. Ол үшін бұл қалыпты жағдай. Біздің тәжірибелерімізде бақалар +3 градустық тоңазытқышқа қойылған ыдыстарда үш жарым ай бойы болды. Бақалардың суын ауыстырмадық», - деді биология ғылымының докторы, профессор Даниил Берман.

Сондай-ақ ғалым бұл жаңалық адамның гипоксия – оттегі жетіспеушілік сияқты ауруларын емдеудің бірегей моделін әзірлеуде сібір бақасын қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы