388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ғалымның жобасы энергетика саласына серпін берді

  • 858
  • UPD: 15:03, 05.04.2019

Отандық энергетика саласында тиімді игерілмей жатқан қуат көзінің үлесі 16 процентке тең. Бұл дамыған елдердегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артық шығын.

Энергия үнемдеудің жаңа тәсілін ойлап тапқан жас ғалым Нұрхат Жакиевтің пікірі осындай. Оның тың жобасы отандық энергетика саласына серпін әкелгені белгілі. Бүгінде ол жұмысын жетілдіру мақсатында детальдық бағдарламалау жүйесін тыңғылықты меңгеріп жатыр.

30-дан асып орда бұзған Нұрхат Жакиев Батыс Қазақстандағы Сырым ауданының тумасы. Бүгінде Назарбаев Университетінде ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. Мамандығы физик. Оның ойлап тапқан тың жобасы әр аймақтың электр тұтыну көлемін ескере отырып, болашақта салынатын сым желілерінің жоспарын көрсете алады. Компьютерлік модельдеудің бір ерекшелігі кішкентай нанобөлшектерді де анық көрсетеді екен.

- Біздің жасаған компьютерлік модель Ұлыбритания мен Германияның тәжірибелеріне негізделген. Және солардың жасаған әдістерін ары қарай жетілдіру. Нәтижесінде біз авторлық куәлік алдық өзіміздің бағдарламамызға. Және түрлі еуропалық беделді журналдарда еңбегімізді жариялады.

Мәселен, бір қалаға жұмсалатын энергияны есептегенде, әрбір электр желісінің бөлшектерін ескереді. Шығынды азайтып, үнемділікті еселейді. Жоба алғаш рет Қарағанды өңіріндегі өндіріс ошағында іске асырған маман бағдарламаны жетілдіріп келеді.

Құрбанғали Тыныштықбаев, жетекші ғылыми қызметкер:

- Нұрхаттың өзін айтсақ, келгеніне көп уақыт болған жоқ. Аз уақыттың арасында жарты жыл, енді ғылымда деген жарты жыл деген не ол. Түк те емес. Жарты жылдың ішінде көп бір үлкен дәрежеге жетті.

Отандық компьютерлік бағдарламалар дайындаудың тағы бір пайдасы өзіміз жайлы жеке мәліметтердің құпия сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни шетелдік компаниялар бізге қатысты мәліметтерді көре алмайды. Бұл өз кезегінде елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Конференциялар мен форумдарда өзі бастаған командасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін баяндап келеді. Шетелдік ғалымдар біздің компьютерлік модельдеріміздің жоғарғы деңгейде екенін, олардың қажет екендігін басып айтады, дейді Нұрхат Жакиев. Бүгінде оның жетістігіне жастар да қызығушылық танытып келеді.

Нұрсәулет Бүркітбаев, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті:

- Жакиев Нұрхат Қуандықұлымен бір ерекше сұхбат болды десек те болады. Ол сұхбаттан біз өз өзімізге деген бір мотивация алдық десек те болады. Өйткені Қазақстаннан жас ғалымдардың шығуы біз үшін үлкен мәртебе және сондай кісілерге біздің де әрине ұқсағымыз келеді. Сондықтан осындай тренингтер алдағы уақытта кеңінен болып тұрса деп қалаймыз.

Еске салайық, бір ай бұрын Нұрхат ғылыми жетістіктері үшін Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. Ендігі мақсат бағдарламаны өндіріс орындарына енгізіп, халықаралық деңгейге шығару.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы