377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа студенттік жатақхана қолданысқа берілді

  • 217
  • UPD: 20:54, 06.04.2019
Шымкентте жаңа студенттік жатақхана қолданысқа берілді

Шымкент қаласында 350 орындық студенттер жатақханасы қолданысқа берілді. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды.

Жоба құны 500 млн теңге. Заманауи студенттер үйі барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Кітапхана, оқу залы мен интернет желісі үздіксіз жұмыс істейді. Айта кетейік, қалада 48 оқу орны мен 39 жатақхана бар. Оларда жеті жарым мың студент тұрып жатыр. Әлі де 8 мың орын жетіспейді. Осы мәселені шешу үшін қалада 8 гектар жер телімі бөлінген. Жақын арада мұнда 5 мың орындық жатақхананың құрылысы басталады.

Оңалбай Аяшев, ОҚМПУ ректоры:

- Шетелден келген студенттер былтыр бізден мына Өзбекстан, Түркіменстан, Қарақалпақстан 2,5 мың студент келді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету керек болды. Олар пәтер жалдап тұра алмайды. Жатақхана жылдан жылға салынып жатыр. Ол көп болмайды. Сондықтан осындай нысандар көп болу керек деп ойлаймын. Студенттердің әлеуметтік жағдайы жақсарады.

Хабар 24 телеарнасы