389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады» атты конференция өтті

  • 715
  • UPD: 21:36, 09.04.2019

Қызылордада «Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Қазақстанның жетістіктері-Нұрсұлтан Назарбаев еңбегінің жемісі. Елбасы жастарға ерекше мән берді. Олардың тегін, сапалы білім алуын қамтамасыз етті, қоғамда белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Шараға қатысушылар осылай дейді. Конференция барасында сарапшылар, ғалымдар, студенттер  еліміздегі жастар саясатының саяси, тарихи, экономикалық, философиялық және мәдени, әлеуметтік мәселелерін жан-жақты талқылауда.

Желев Паскаль, конференцияға  қатысушы/Болгария/:

- Мен бүгін «Болгария мен Қазақстанның  жастар саясатын  салыстырмалы талдау» тақырыбында баяндама жасаймын. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялағанын білемін. Жастардың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы ролін арттыруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мән берілуде. Бұл-өте керемет бастама. Бүгнігі конференцияда да жастар мәселелері жан-жақты талқыланады деп ойлаймын.

Паул Абита, конференцияға қатысушы /Кения/:

-  Қазақстан мен Кения арасындағы байланысты қарасам, біздің Қазақстаннан аларымыз көп. Білім беру сапасы ұнайды. Мен тіпті болашақта осында түбегейлі көшіп келгім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  елдің болашағы жастар деп, қай кезде де оларға  басымдық  берді. МЕн өзім Назарбаев зияткерлік мектебінде дәріс беремін, оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайға тәнті боламын.

Хабар 24 телеарнасы