379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жеке мектептерде білім алу үшін аз ақша төленетін болады

  • 150
  • UPD: 09:51, 10.04.2019
Қарағандыда жеке мектептерде білім алу үшін аз ақша төленетін болады

Қарағандыда жеке мектептерде білім алу үшін ата-аналар аз ақша төлейтін болады.

Шығындардың бір бөлігін мемлекет өзіне алады. Бұл бағыттарға республикалық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін оқу орындары, алты конкурсқа қатысып, құжаттар пакетін ұсынуы тиіс. Қарағандыда жеке меншік мектептерде мыңнан астам бала білім алады. 

Наталья Головина, қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім секторының меңгерушісі:

- Қазір бастауыш мектептің 1 оқушысына 15 мың, 5-9 сынып оқушысына 20 мың, жоғары сынып оқушысына айына 23 мың теңге көлемінде тапсырыс жоспарланып отыр. Мұнда мемлекеттік бағдарлама бойынша оқытылады. Ал күннің екінші жартысы, яғни тамақтану, ұзартылған күн тобы, түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтарға ата-аналар ақы төлейді.

Хабар 24 телеарнасы