376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Сәтбаев бастамасымен құрылған институт елімізді технологиямен қамтамасыз етіп отыр

  • 141
  • UPD: 22:26, 12.04.2019

Сәуірдің 12-сі ғылым күні. Дәл осы күні Қазақ ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаев өмірге келген. Биыл ғалымның туғанына 120 жыл толып отыр.

Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаған Қаныш Имантайұлының бастамасымен елімізде бірнеше ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазір олардың саны 300-ге жуықтайды.

Стол с самого начала основания института с 58 где-то. За этим столом сидел сам Михайлов академик.

Бұл көне үстелде 5 бірдей академик көз майын тауысып, талай ғылыми жаңалықты өмірге әкелген. Қазіргі жас ғалымдар да сол алдыңғы толқын салған сара жолдан адасқан жоқ. Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен осыдан 60 жыл бұрын құрылған Қарағандыдағы химия-металлургия институты бүгінде өңірдегі барлық кәсіпорындардың тапсырысымен жаңа технологияларды ойлап табады. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын мұндағы мамандар мұнай-газ саласына қажетті өте жоғары сапалы болат қорытпасын алған. Х-80 деп аталатын құрыштың бұл құнды маркасын бұған дейін шетелдік ғалымдар да бірнеше рет қорытып көрген, бірақ нәтижесіз.

Әбілқасым Ахметов, химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі:

- Кен орындары Қазақстандағы 70-80 жыл болды іске қосқанына. Олардың сапасы құрып кетті. Сапасы нашарлады жер астынан шығып жатқан кендердің. Ол бір жағынан. Екінші жағынан біз конкуренцияға шыққанан кейін біздің мекемелер, шыққан өнімнің сапасына сұраныс биіктеп кетті. Сондай бір қайшылық бар. Ол өте қиын. Оны ғылыми зерттеусіз, оған ғалымдарды қоспай олар шеше алмайды.

Институт ғалымдары жыл сайын шамамен 400 миллион теңгенің тапсырысын орындайды. Оның тең жартысы мемлекет тарапынан, ал қалғаны ірі компаниялардан түседі. Бірақ бұл табыс ғылыми институттың жұмысын жандандыруға жеткіліксіз. Сондықтан қазір олар ақша табудың оңтайлы жолдарын ойластырып жатыр. Ол үшін ғылымды коммерциаландыру туралы арнайы заң да қабылданған. Енді жуырда химия-металлургия институты өздерінің жеке зауытын салмақшы. 

Сайлаубай Байсанов, Химия-металлургия институтының директоры:

- Егер соны жақсы жолға салып жіберсек, бұл институттың үлкен бір табысы болмақшы деп отырмыз. Өзімізде мамандар пайда болады, жұмыскерлеріміз, инженерлеріміз, мастерлеріміз болады. Институтта жаңадан ашылған керемет технологиялар көп. Солардың барлығын жәймен бірте-бірте іске асыра берсек, институт өз аяғынан тұрып кетеді ғой деп ойлаймын. 

Үлкен ғылыми институттар осылайша күн көрсе, жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың көптеген өнертабысы өкінішке орай, өндіріске енбей, қағаз күйінде қалып отыр. Ғылым мен бизнестің арасы алшақтап кетті, - дейді мамандар. Мәселен, қарағандылық биолог Гаянэ Погосян қандағы қатерлі ісікті емдеудің тың әдісін ойлап тапқан. Енді өнертабысына фармакологиялық және клиникалық зерттеу жүргізу керек.

Гаянэ Погосян, Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры:

- Кез келген ғылыми жұмыс үлкен шыдамдылықты, ұзақ уақытты талап етеді. Тыңғылықты зерттеу жүргізу керек. Ал біздің қалталылар бірден нәтижесін сұрайды. Зерттеу жұмыстарына ақша салғысы жоқ.

Ал Маргарита Есмұратова болса, сұйық азот арқылы дәрілік өсімдіктер тұқымын ұзақ уақыт сақтауға болатынын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бірақ тағы сол қызығушылық танытып отырған бизнес өкілдері жоқ. Сондықтан ғалымдар мен кәсіпкерлердің арасында іскерлік байланыс орнату керек, - дейді мамандар. Себебі еліміздегі индустриалды-иннвациялық даму бағдарламасын алға сүйрейтін бірден-бір күш осы болса керек.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы