384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар қойды қолдан ұрықтандыратын жылжымалы пункт құрастырды

  • 536
  • UPD: 08:04, 14.04.2019

Отандық ғалымдар қойды қолдан ұрықтандыратын жылжымалы пункт жасап шығарды.

Ол дала жағдайында зерттеу жүргізуге арналған қондырғы, құралдармен жабдықталған. Бұл мақсатқа 3 миллион теңге жұмсалды. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің қырқымға арналған жылжымалы пункт ойлап тапқанын да айта кетейік. Онда бір мезгілде 12 қойды қырқып, 3 тоннаға дейін жүн сақтауға болады. Ғалымдар жақын арада еліміздегі қой шаруашылықтарына барып, жылжымалы пункттерді сынақтан өткізеді.  

Тынышбай Досымбеков, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:

- Бұл жағдайда біз жаңағы өнімділік көрсеткішін көтереміз. Екінші жағдайда малшыға тиімді болады. Үшінші жағынан келетін болсақ, біркелкі тауар аламыз. Қойды қырқуды ұйымдастыруымыз керек. 38 мың тонна жүн өндіріледі, соның 28 мың тоннасы іске жарамайды, қалады. Неге қалады? Өйткені қойды қырқатын пункттер жоқ. Қойды қырыққанда сапасыз қырқады. Оны қай жаққа алатынын білмейді.

Хабар 24 телеарнасы