379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында мұғалімдер жұмысқа электронды жүйемен қабылданады

  • 182
  • UPD: 22:21, 15.04.2019

Жамбыл облысында мектеп мұғалімдері жұмысқа автоматтандырылған жүйе арқылы қабылданады.

Өңірде бұл бағытта  «jumis sitcen.kz» базасы енгізілді. Тың жоба орта білім беру ұйымдарына педагог кадрлар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда бос жұмыс орындары да жарияланады.  Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Ақпараттық жүйе электрондық еңбек биржасымен интеграцияланған. Ортақ жүйе іске қосылғалы бері аймақта 831 бос жұмыс орны жарияланып, 202 маман тұрақты жұмысқа орналасқан. Айта кету керек,  қазір жалпы облыс мектептеріне 360 педагог қажет.  

Ақбота Махашева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Құжатын сайтқа орналастыру арқылы, жүктеу арқылы бірінші бағалаудан өтеді. Екінші тестілеуге жібереді. Тестілеудің нәтижесін алғаннан кейін үшінші әңгімелесуге келген кезде сол кезде ғана басшыға кім екені белгілі болады. Күнделікті ашылады ол енген әр орын 5 жұмыс күні базада тұрады.

Хабар 24 телеарнасы