Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес ғасыр бұрын латын тілінде жазылған кітап көрмеге қойылады

  • 323
  • UPD: 18:46, 18.04.2019
Бес ғасыр бұрын латын тілінде жазылған кітап көрмеге қойылады

Осыдан 5 ғасыр бұрын ескі латын тілінде жазылған көне кітап Еуразиялық кітап көрмесіне қойылады.

Жәрмеңке  Елордада сәуірдің  24-і мен 27-сі күндері көрме орталығында өтеді. Оған  Түркия, Қытай, Иран, Польша, Ресей сияқты 13 мемлекеттен 90 компания қатысады. Жастар жылы аясында жас авторлардың қатысуымен ақындар марафоны, әдебиет клубының отырысы, шеберлік сыныптары, танымал ақын жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылады. Сонымен қатар бірнеше жаңа шығарманың таныстырылымы өтеді. Айта кетейік, еліміздің ұлттық академиялық кітапханасында 13 мыңнан астам сирек кездесетін аса құнды қолжазба бар.

Әбіл Жоламанов, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

- Бұл біздің тек Қазақстанда ғана өтеді деп айтпаймыз. Бұл әлемнің озық елдерінде бар үрдіс. Біз осы көрме жәрмеңкесін өткізу арқылы қазіргі алмағайып заманда, жаһандану заманында көзі қарақты оқырмандарға одан сайын кітап әлемімен жақындастыра түсу және өскелең ұрпақты, жас буынды кітап әлеміне тарту.

Хабар 24 телеарнасы