378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақтың үздік әдеби туындылары БҰҰ елдерінің 6 тіліне аударылды

  • 334
  • UPD: 23:32, 18.04.2019

Заманауи қазақ әдебиетінің үздік туындылары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, әлемнің 90-нан аса еліне таралатын болды.

Бұл жоба, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты.  Заманауи қазақ әдебиеті антологиясы Алматыдағы «Достық үйінде» таныстырылды. Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза-Әлі, Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова сынды қазақстандық 160 автордың таңдамалы шығармалары еңген бұл туынды ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдеріне аударылған. Сондықтан, бүгінгі халықаралық деңгейде өткен шараға, шығарма авторлары мен шетел аудармашылары және қазақ әдебиетіне қызығушылық танытқан Франция, Ұлыбритания, Қытай елдерінің  баспа ұйымдарының басшылары қатысты.  Заманауи қазақ әдебиетінің антологиясы әр тілде 10 мың дана болып жарық көрді. Енді оның электронды нұсқасы да болады. Авторлардың негізгі ойын оқырманға дұрыс жеткізу үшін шетелдік аудармашылар бірлесе жұмыс жасаған.

Энни Мишэйлидоу, Кэмбридж Университеті баспасының халықаралық даму департаментінің басшысы:

- Осы жобаны сапалы  жүзеге асыру үшін, біздің аудармашылар авторлармен жүздесіп, сұхбаттасты. Айта кету керек, қазақ тілі мен ағылшын тілінің табиғаты мүлдем бөлек. Ол әсіресе поэзияда білінеді. Қазақ тілі ұйқастар құруға өте ыңғайлы. Ал ағылшын тілі логикалық тіл деп айтар едім. Сондықтан шығарманы өз қалпында жеткізуді мақсат еттік.

 Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл ең бастысы біздің әдебиет арқылы елімізді танытуға, қазақтың жан дүниесін, ішкі дүниесін, болмысын танытуға жол ашады. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады. Ең бастысы,  егер осы аударылған антологияны енді шетел оқырмандарына жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы