Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітап аударылды

  • 426
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітап аударылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бойынша  қазақ тіліне аударылған тағы 30 кітап таныстырылды.

Бұл «Жаңа гуманитарлық ғылым. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жүзеге асты. Мұнда журналистика, экономика, әдебиет, философия және құқық салалары бойынша әлемдік деңгейдегі үздік авторлардың ғылыми еңбектері  ана тілімізде жарық көрді. «Яғни студенттердің  заманауи озық ғылыми жаңалықтармен танысуына мүмкіндік туды» дейді ұстаздар қауымы. 30 кітаптың әрқайсысы 10 мың данамен еліміздің 112 Жоғарғы оқу орнының кітапханасына таратылады. 

Мұхтар Сеңгірбай, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының бас редакторы:  

- Бүкіл ғалымдардың, университтердің сұраныстары, ұсыныстары ескерілді. Сондықтан, бұлар ғылымның әр саласының ең көрнекті оқулықтары. Ең көрнекті ғылыми дүниелер. Сонысымен олар бізге өте құнды.

Хабар 24 телеарнасы