379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас ғалым» жобасы аясында 3 млрд теңге бөлу жоспарланды

  • 449
  • UPD: 23:00, 19.04.2019

Жастардың ғылымға деген қызығушылы жылдан жылға төмендеп барады.

Осыған орай мемлекет «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеушілерді қолдауға 3 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр. Елордада халықаралық ғылыми конференция өтіп, саладағы  өзекті деген мәселелер көтерілді және қоғамдық сананы жаңғыртудағы тарихтың ролі талқылады. Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен өткен шараға 10 елден келген ғалымдар қатысты. Жиында зерттелмеген мәдени мұраларды зерделеу үшін тарих институтында арнайы топтар құру ұсынылды. Мамандар жас ғалымдарды осы бағытта бейімдеу керек десті. Кездесуде ғалымдардың шетелдік басылымдарға  жұмыстарын жариялау жолдарын жеңілдету жайы да сөз болды. Айта кетейік, Қазақстанда 120 ғылым докторы және 500 –ден астам ғылым кандидаты бар.

Бүркіт Аяған, ҚР БҒМ ҒК мемлекеттік тарих институтының директоры:

- Мына шетелдік ғалымдар не үшін керек. Нақтылап айтсақ, бұлар біздің дисертанттар қорғайтын кезде оларға оппонет ретінде, рецензент ретінде көмектеседі. Оларға еңбектерін жазуға көмектеседі. Қазір диссертация қорғау үшін бұрынғыдай тек ғана қазақстандық басылымдар жетіспейді. Түркия, Ресей, Украинада журналдар шығып жатыр. Бұлар сол ғалымдармен үлкен қарым-қатынаста болады.

Хабар 24 телеарнасы