378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Қазақстанның білім саласындағы реформалары талқыланды

  • 292
  • UPD: 13:44, 21.04.2019

Нью-Йоркте БҰҰ-ның тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды жиында әлемдік қауымдастықтың 2030 жылға дейінгі мақсат-міндеттері талқыланды. Сондай-ақ ғаламдық тұрақты дамуға жастардың белсенді араласу мәселесі қаралды. Ауқымды шараға «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова қатысып, еліміздің білім саласындағы реформалар мен жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар туралы баяндады.

Лаура Демесінова «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры:

– Форумда түрлі сессияларға қатыстық. Көп мәселе талқыланды. Бізді ең қызықтырғаны, өмір бойы үзбей білім алуға арналған отырыстар. Онда осы саладағы өз тәжірибемізбен бөлістік. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасы. Ол азаматтарымызға шетелде білім алып, біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы