378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының оқушылары республикалық сайыстың гран-при жүлдесін иеленді

  • 273
  • UPD: 14:07, 29.04.2019

Қостанай облысының үш бірдей тумасы дарынды балаларға арналған «Жас Өркен» республикалық сыйлығының гран-при жүлдесін иемденді.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық үміткер қатысқан. Ақтық сынға шыққандар арасында жеңімпаздарға дауыс беру сайыстың ресми сайтында он-лайн жүйесінде іске асты. Рудный қаласының тұрғыны Валерия Радивилова «Жас суретші» аталымында топ жарды. Жергілікті көркем-сурет мектебінің шәкірті байқауға қазақ мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін еңбегін ұсынды. Натюрморт жанрындағы жұмысы акварельмен орындалған. Оны дайындауға екі аптадан астам уақыт жұмсапты. Енді жас талант кәсіби деңгейде майлы бояулы бейнелеу өнерін меңгеріп, ұлттық нақыштағы еңбектерін дамыта түспек.      

Валерия Радивилова, «Jas órken» республикалық сыйлығының гран-при иегері:

- Былтыр «Бояулар құпиясы» деп аталған облыстық байқауда жұмысым екінші орын алды. Аталмыш жүлде маған ерекше шабыт берсе керек, «Жас Өркен» республикалық сыйлығында бағымды сынап көруге бел шештім. Еңбегім осылайша жоғары бағаланады деп ойлаған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы