378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыркүйек айында бірқатар өңірде дуальді білімнің пилоттық жобасы енгізіледі

  • 272
Қыркүйек айында бірқатар өңірде дуальді білімнің пилоттық жобасы енгізіледі

1 қыркүйектен бастап Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында дуалды оқытуға арналған жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылады.

Соған сәйкес, колледж студенттерін оқытуға қатысатын кәсіпорындар шығынының 11 пайызы мемлекет есебінен төленбекші. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өтіп жатқан кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдеріне арналған республикалық семинар-кеңесте белгілі болды. Аталған жобаға 10 колледж қатысады. Сарапшылардың пікірінше, ол бизнес-қауымдастықтың дуалды оқытуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы жүзеге аса бастайтынын да айта кетейік. Сол арқылы студенттер шетелдерден шақыртылатын мамандардан білім алады. Сонымен қатар жаңа оқу жабдықтары мен өндірістік қондырғылар да сатып алынатын болады.

Рауза Ширгатова,ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқарма басшысы:

- Оған республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Мұның бәрі студенттеріміздің зауыт-фабрикалардағы заманауи қондырғылардың тілін біліп шығуы үшін жасалып жатыр. Өйткені «Индустрия 4.0» технологиясының талаптарына еліміздегі өндіріс ошақтары ғана емес, кәсіптік-техникалық білім беретін барлық оқу орындары сай болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы