378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ҰБТ өткізуге арналған 10 пункт белгіленді

  • 158
  • UPD: 15:30, 13.05.2019
Жамбыл облысында ҰБТ өткізуге арналған 10 пункт белгіленді

Жамбыл облысында биыл 9 мыңдай оқушы мектеп бітіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 6 мыңға жуығы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдірген. Аймақта ҰБТ өткізуге арналған 10 пункт белгіленді. Оның екеуі облыс орталығында, қалғандары аудандарда орналасқан. Өтініштерді қабылдау 10 мамырда аяқталып, база жабылды. Бірақ мамандардың айтуынша, оның мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар биыл түлектерге ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Оның алғашқы екі кезеңі өңірде қаңтар мен наурыз айларында өткізілді.

Жамбыл Ізтұяқ, Ұлттық тестілеу орталығы Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы:

- Бірақ осы екі кезең жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге арналған. Сертификаттары сол жағдайда жарайды. Қаңтар мен наурыз айларында тапсырғандардың көбісі өздерінің сертификаттарын алып, ақылы негізде оқуға құжаттарын тапсырып қойды. Сол себепті ол кісілер маусым айында тапсырмайды.

Хабар 24 телеарнасы