378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ҰБТ-ға 9,5 мың талапкер қатысады

  • 137
  • UPD: 10:25, 14.05.2019

Биыл Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тоғыз жарым мыңға жуық талапкер өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы да – мемлекеттік білім грантынан үміткерлер. Тест сынағы 20-маусым мен 5-шілде аралығында өтеді. Биыл қалада 8104 түлек мектеп бітіреді. Олардың ішінде 404 оқушы алтын медальдан, 360-сы үздік аттестаттан үмітті. Бүгінде шаһарда 5 тестілеу бекеті дайындалып, қажетті құралдармен жабдықталған.

Жанат Тәжиева, қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

– Биылғы жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ағылшын тілі пәні өзінің тест тапсыру деңгейінде болатын болса, мысалы ағылшын тілі пәнінен АILS курсынан өткен сетификаты қолында болған жағдайда тиісті балл автоматты түрде қойылып берілетін болады. Ол талапкерлерге үлкен мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы