378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевқа білім беру мекемелеріндегі цифрландыру жұмыстары баяндалды

  • 100
  • UPD: 19:43, 17.05.2019
Қ.Тоқаевқа білім беру мекемелеріндегі цифрландыру жұмыстары баяндалды

Мемлекет басшысына елордадағы орта және мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі ахуалы мен оның келешек даму перспективалары, сондай-ақ арнайы білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдай жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Соның ішінде балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру, мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауысу, оқу орнына кіруге арналған бірыңғай электронды карта және оқушылардың тамағы мен жолақысы үшін ақшасыз төлем жүйесін енгізу сияқты үдерістерді онлайн форматына көшіру жөнінде айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мектеп-гимназиядағы «Шұғыла» комьюнити орталығы» қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысты. Ол астанадағы Оқушылар сарайының филиалы саналады.

Мұнда балалардың қабілетін дамытуға арналған 5 студия мен 13 үйірме тегін жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге онлайн жүйесі арқылы жазылуға болады.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы