378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы мектеп 13 баспаның оқулығын сынақтан өткізді

  • 278
  • UPD: 10:34, 20.05.2019
Оралдағы мектеп 13 баспаның оқулығын сынақтан өткізді

2015 жылдан бастап, елімізде 30 орта мектеп жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау мақсатында экспериментальды білім ошағы боп белгіленген еді.

Солардың бірі Орал қаласындағы Мұстахым Ықсанов атындағы №36 білім ордасы. Осы мерзімде мектеп ұжымы 13 баспаның оқулықтарын сынақтан өткізіп, 27 авторлық бағдарлама жинағын шығарыпты. Жаңа білім мазмұны шәкірттердің өз бетімен ізденуіне, сыни ойлауын дамытуға, балалардың  өз білімін өздігінен бағалауына негізделгені  мәлім. Жуырда мектеп ұстаздары осы тұрғыда өз білгендерімен бөлісіп, тәжірибелерін таратты, 4 жылдық сынақ кезеңінің жұмыс қорытындысын шығарды.  

Аягөз Хамзина, облыстық  білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры:

- Оқу-әдістемелік құралдардың қандай тиімділігі бар? Немесе балалармен жұмыс істеген кезде қандай бір ұсыныстар бола ма, жеңілдетілген жақтары немесе тапсырмалардың барыстарын жетілдіру бағытында осы пилоттық мектептердің жұмыстары арқылы өзгерістер немесе ұсыныстар қабылданып отырды тиімділік жақтары арттырылып отырды.

Анар Жайманова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Бздің жұмысымыз оңай болды деп айта алмаймыз. Білмейтін жақтарымыз көп болды. Іс-тәжірибемізді жылма-жыл арттырып отырдық. Қазіргі таңда балаларымыз өз білімдерін өмірде қолдана алатын жан-жақты креативті ойлай алатын, сыни ойлай алатын балалар қалыптасып келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы