378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тозығы жеткен мектептердің орнына жаңа білім ошағы салынады

  • 411
  • UPD: 01:42, 22.05.2019

Батыс Қазақстан облысында тозығы жетіп, қауіпке айналған 7 мектептің орнына жаңасын салынады.

Жұмыс басталып та кетті. Оның бесеуі Ақжайық және Қазталов аудандарында. Сонымен қатар Оралдағы №31 және 33 білім ордалары жаңартылады. Бұл құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

Чапаев ауылындағы бұл білім ошағының іргетасы 1961 жылы қаланыпты. Көне ғимаратта 300 шәкірт білім алып жатыр. 40 шақты ұстаз еңбек етеді. Ескінің аты ескі.  Жаңбырлы  күндері төбеден су ағады. Мектептен бөлек орналасқан интернаттың жағдайы да мәз емес. Дегенмен, ұстаздар қауымының пән кабинеттерін барынша жөндеп, күтіп ұстауға тырысатыны байқалады.    

Гүлсана Мақсотова, 9-сынып оқушысы:

- Біз қазір осы Абай атындағы мектеп-гимназияның 1-қабатында ғана оқып жатырмыз. Біздің мектетің кабинеттері аз қазіргі кезде. Әртүрлі шарларды өткізуге бізде жағдай жасалмаған.  Кластар іші тар, сабақ өткізуге ыңғайсыз, бұл бізге ұнамайды, оқушылардың көңілінен шықпайды. 

Гүлсананың 2 жылдан кейін су жаңа білім ордасын тәмамдауына мүмкіндік бар. Өйткені, көне ғимарат апатты деп танылып, аудан орталығында 300 орындық жаңа мектеп-интернаттың құрылысы басталды.

Дәурен Нұрғожа, Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Республикалық бюжеттен 1 миллиард 308миллиондай ақша бөлініп, қазір Орал қаласындағы құрылыс компаниясы осы инфрақұрылымды жасақтап, іргетасын қалауда. Мектепке аумағы 3 мың га жер беріліп мектептің жалпы алаңы 6 мың 766 шаршы метрі құрайды және интернаттың алаңы 1991 шаршы метрді құрайды.   

Мектеп-интернат құрылысы келер жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау көзделген. Биыл апатты мектептерді жою және үш ауысымдылықты қысқарту мақсатында республикалық бюджеттен 3 мектептің құрылысын бастуға 3 миллиард теңге бөлініп отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы