378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бизнес пен ғылымды инновацияда біріктіру мәселесі қаралды

  • 193
  • UPD: 10:23, 23.05.2019
Алматыда бизнес пен ғылымды инновацияда біріктіру мәселесі қаралды

Алматыда  ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.

«Жалын» Ғылыми өндірістік техникалық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға ғалымдар мен кәсіпкерлер, және үкіметтік емес ұйым өкілдері сондай-ақ жас мамандар қатысты. Басқосуда  медицина мен нанотехнология және биомедицина мен агроөнеркәсіп саласы бойынша ақпарат алмасып,бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайы төңірегінде әңгіме өрбіді.Конференция барысында жас ғалымдар баяндама жасап, жаңа жоспарларымен бөлісті. Технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуде белсенділік танытқан жас ғалымдарға қаржылай сыйлықтар үлестірілді.  Ғылыми жетістіктерді ары қарай дамытып, жаңа жобаларды кең салада нарыққа шығару үшін бизнестің атқаратын ролі маңызды дейді мамандар.

Әбдірәсіл Жәрменов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-  Әрине ғалымдардың бір-бірімен кездесіп, жасап жатқан шаруаларды жан жақты қарастыру, ойластыруы әрқашанда маңызды. Сондықтан кез келген конференцияның маңызы зор. Бұл конференцияның тематикасы өте жақсы: бизнес пен ғылым. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі бизнес пен ғылым бір-бірін қолдап  көмек беріп жатса экономика  өте жақсы дамиды.

Хабар 24 телеарнасы