378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда Ә.Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әбіш оқулары» байқауы өтті

  • 199
  • UPD: 10:48, 23.05.2019

Ақтауда Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын танытуға арналған «Әбіш оқулары» республикалық байқауы өтті.

Рухани шараға еліміздің барлық өңірлерінен 16 команда қатысты. Дарынды оқушылар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Байқау күндері командалар Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін оқиғаларды сахналап, әртүрлі қойылымдар жасады. Жазушының прозалық және поэзиялық туындыларын  оқыды. Шығармашылығына да тереңдей еніп, зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды. 2-ші республикалық «Әбіш оқулары» байқауы аясында озат ойлы оқушылар Әбіш әлемін жақынырақ ұғына түсу үшін жазушының туған жері – Оңды ауылына саяхат жасап, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенімен танысты.

Диас Ахметнәбиев, 11-сынып оқушысы /Өскемен/:

- Біз Әбіш Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» шығармасын алдық. Бұл шығармада хан мен әйелі туралы, екеуінің арасындағы оқиға баяндалады. Қарап отырсақ, оның әрбір шығармасы тарихи мәліметтерге тұнып тұрады. Мысалы, Абылай ханды алатын болсақ, ол өте танымал хандардың бірі. Ол тұнып тұрған тарих, Әбіштің шығармаларының бәрі тарихи дерек деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы