389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 6335 оқушы мектеп бітірді

  • 468
  • UPD: 15:16, 25.05.2019

Соңғы қоңырау салтанатты жиыны ақтөбелік білім ұяларында да өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бүгін өңірде 6335 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 83 пайызы маусымда өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ.

Облыс мектептеріндегі салтанатты жиындардың басталғанына біраз болды. Соңғы қоңырау шарасын бір уақытта өткізу өңірде бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Ал біз тұрған Ақтөбедегі үздік білім ұяларының бірі №32 мектеп-гимназиясын бүгін 74 оқушы бітіргелі отыр. 66 түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берсе, қалған сегізі еліміздің және шет мемлекеттердегі үздік оқу орындарының гранттарын жеңіп алған. Тәуелсіздік алған жылы ашылған гимназияны бүгінге дейін 2500-ге жуық оқушы тәмамдап отыр. Түлектердің ұстаздарға деген құрметі де зор.

Жалпы, облыс бойынша мектеп бітіретін оқушылардың басым бөлігі келесі айда Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл үшін аймақта 15 арнайы орталық жасақталады. Мыңға жуық «Алтын белгі» және 493 үздік аттестат үміткерлері де сынаққа қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс.

Ал мектеппен қоштасу кеші ақтөбелік түлектер үшін 12 маусымда өтеді. Бірақ көңіл көтеру орындарында емес, өздері оқыған білім ұяларында ұйымдастырылады. «Бұл – оқу бітірушілердің ортақ тілегі, бастамасы», – дейді білім басқармасының өкілдері. Шара барысында әр түлекке мектепті бітіргені туралы аттестат табысталатын болады.

Авторы: Әнуарбек Мырзатайұлы

Хабар 24 телеарнасы