389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы мектептің 30-дан астам түлегі әлемнің үздік ЖОО-ларына оқуға түсті

  • 578
  • UPD: 15:15, 25.05.2019
Елордадағы мектептің 30-дан астам түлегі әлемнің үздік ЖОО-ларына оқуға түсті

Елордадағы «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлектері түгелдей дерлік жоғары оқу орындарына жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. 7 түлек «Алтын белгіден» үмітті. Қалғандары қызыл аттестатпен бітіргелі отыр. Жалпы, биылғы оқу жылы мектеп үшін жемісті болды. Оқушылары республикалық олимпиадада жүлделі орын алды. Дарынды балаларға арналған мектепте бүгін соңғы қоңырау сыңғыралды. 94 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, білім берген ұстаздарына алғыс айтты. Оқушыларымен мақтанатын мұғалімдердің айтуынша, былтырғы түлектердің барлығы шетелдік және отандық оқу орындарына түскен. Заманауи жабдықталған мектеп 3 тілде білім береді.

Жеңіс Телемісов, «Білім-Инновация» мектебінің директоры:

- Биылғы 94 оқушының 30-дан астамы Гонконктағы, Оңтүстік Кореядағы, Мәскеудегі, Еуропадағы ТОП 30 университетке түсіп отыр. Қазір балалардың қолдарында жолдамалары бар. Негізі біздің мектептің жоғары жетістігі – олимпиада. Өйткені қалалық деңгейде айналмалы кубокты 10 жылдан бері алып отырмыз.

Қайратбек Абылай, «Білім-Инновация» мектебінің түлегі:

- Әрине, қобалжу бар. Себебі, 5 жыл осы мектепте білім алып, тәрбие алып, барлық достарымызбен, ұстаздармен қоштасқалы жатырмыз. Республикалық және халықаралық олимпиадаға қатыстым. Мұның барлығы ұстазымның және ата-анамның арқасы деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы