378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кентау политехникалық колледжі халықаралық мәртебеге ие болды

  • 200
  • UPD: 09:32, 26.05.2019

Түркістан облысындағы Кентау политехникалық колледжі халықаралық мәртебеге ие болды.

Оқу орны немістің ірі концернімен меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық аясында биыл жазда оқытушылар тобы тәжірибе алмасу үшін Германияға барады. Болашақта колледж студенттері де шетелде іс тәжірибеден өтпек. Бұл оқу бағдарламасы халықаралық деңгейде кеңінен танымал болғандықтан дипломы шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істеуге толық жарамды. Кентау политехникалық колледжінде дуальді білім беру жүйесіне ерекше мән беріледі. Ал мұндағы студенттердің 60 пайызы трансформатор зауытында жұмыс істейді. Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында отандық білім беру ұйымдарын шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтар және ірі кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырған болатын.

Виктор Кривенцов, политехникалық колледж директоры:

- Концерн біз жұмыс істейтін бағдарламалар мен модульдерді ұсынады. Олар толық әдістемелік құралдар мен қамтамасыз ету, оқу үдерісін бақылау және ең бастысы тәуелсіз емтихандар. Яғни осы бағдарламамен оқығандардың аттестатциясы басқаша жүреді. Сондықтан олар жоғары бағаланады.

Хабар 24 телеарнасы