382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада республикалық жасөспірімдер олимпиадасы басталды

  • 199
  • UPD: 23:30, 27.05.2019
Елордада республикалық жасөспірімдер олимпиадасы басталды

Елордада екінші республикалық жасөспірімдер олимпиадасы басталды.

Білім додасында 7 және 8-сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сынайды. Дәлірек айтқанда, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 222 бала математика, биология, химия, физика секілді пәндерден тапсырмалар орындауы тиіс. Сонымен бірге олар әлеуметтік, экологиялық, сәулеттік және тағы да басқа мәселелердің шешімін табу үшін технологиялық һәм инновациялық жобаларын таныстырады. Бұл сайыс қатысушылардың шығармашылық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытып, ғылыми-зерттеу саласына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Алдымызда республикалық, халықаралық дарынды балаларға арналған сайысқа дайындаймыз. Бірақ бүгін 7-8 сынып оқушыларын дайындауымыз керек. Биология, математика, жараластануға арналған. Осы уақытта оларды зерттейміз, қай бала алдағы үлкен олимпиадаға дайын екенін.

Хабар 24 телеарнасы