382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дуалды оқытумен қамтылған студенттер аз

  • 279
  • UPD: 15:14, 28.05.2019

Дуалды оқыту жұмыстарына екпін беру керек.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». Алқалы жиында баяндама жасаған білім және ғылым министрі дуалды оқытумен студенттердің 19,8 проценті ғана қамтылғанын мәлімдеді. Себебі практиканы ұйымдастыратын кәсіпорынның шығыны өтелмейді. Өндіріс орындарында тәжірибеден өтетін жастардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік қамтамасыз етілмеген. Дуалды оқыту жүйесіне тұсау болып тұрған осындай мәселелер таяу уақытта шешілмек. Жағдай жасалған соң, кәсіпорындардың басшылығы колледждердің базасында орталықтар ашуы тиіс. «Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасуына кепілдік болады», – деді Үкімет басшысы. Ал министр кәсіпкерлерді ынталандыру әдістерін ұсынды.

Күләш Шәмшиденова, ҚР білім және ғылым министрі:

- «Алтын сапа» шарасында дуалды оқыту жүйесін енгізген «Үздік кәсіпорын», «Үздік тәлімгер» және «Техникалық кадрларды дайындайтын үздік колледж» аталымдарын қарастыруды ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы