382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы NU түлектеріне диплом табыстады

  • 253
  • UPD: 20:09, 31.05.2019

Бүгін еліміздің маңдайалды Назарбаев университетінен 988 түлек түлеп ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты диплом тапсыру рәсімі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Оқу орнының түлектері бүгінде тек елімізде емес, әлемдік алпауыт компанияларда жұмыс істейді. Үлкен өмірге бүгін жолдама алғандарының арасында да дарындылары жетіп артылады.

Кез келген елдің ең құнды байлығы – адам. Ол – өз кезегінде еңбек ресурсы. Демек сол адамның мейлінше көп әрі қарым-қабілеті зор болмағы керек. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің негізгі ұстанымы осы. Тұңғыш Президент негізін қалаған халықаралық деңгейдегі университет соңғы 4 жылдың ішінде 2 мың 600 маман даярлады. Түлектердің 60 пайызы қазақстандық және әлемдік компанияларда жұмыс істейді. Бірі өндіріс ошақтарында, бірі ғылыми зертханаларда, енді бірі қаржы секторында. Қалғаны оқуын одан әрі жалғастырып келеді. Ал биыл тау-кен ісі мен жер туралы ғылымдар мектебін бітірген алғашқы 20 түлек бар. Яғни кең байтақ жеріміздің қазба-байлығын игеретін білікті әрі білімді мамандардың тағы бір легі қалыптасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Бірегей жоба болып саналады. Қысқа мерзімде заманауи білім жүйесін қалыптастырып, көш бастап келеді. Үйренеді, осындай болса екен деп бәріміз ойлаймыз. Ең алдымен оқытушылар зор еңбек сіңірді. Биыл университетті 988 студент аяқтағалы отыр. Олар елімізді жаңғыртуға атсалысса деймін. Дүние жүзінде болып жатқан жағдайға дайындадық сендерді. «Болашақ» бағдарламасы мен осы университет арқылы жастар елімізді болашаққа бастайды деп сенемін.

Елбасының қолынан диплом алу – түлектер үшін зор мәртебе. Сондықтан Тұңғыш Президент оларды арнайы құттықтауды ұмыт қалдырған емес. Салтанатты рәсімде Тұңғыш Президент білімнің инемен құдық қазғандай екенін айтып, сол ілімді жас ұрпақтың бойына сіңіру маңызды міндет деді. Биыл университетті мыңға жуық жас тәмамдап отыр. Бұл – оқу орнының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Более 40% завершивших программу бакалавриата решили продолжить обучение, получив приглашение в лучшие вузы мира. Мы вновь будем создавать такие условия, но по окончании программы PhD они должны вернуться сюда и отработать то, что государство в них вложило. Это справедливо. Половина выпускников успешно трудоустроена в самых различных секторах экономики. Я надеюсь, достойно представляя нашу страну в организациях мирового класса, получив опыт, молодые люди вернутся в Казахстан, чтобы внести вклад в развитие собственной страны.

«NU» түлектері осы уақыт аралығында 30-дан аса бизнес жоба мен стартапты іске қосты. Жүздеген жұмыс орны ашылып, бюджетке де белгілі бір деңгейде пайда түсті. Студенттер халықаралық білім бәйгелерінде оза шауып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Мәселен, ғылым мен технология мектебінің шәкірттері былтыр Бостонда өткен жарыстан жүлделі оралды. Ал университет қызметкерінің «Егістік» атты жобасы толық коммерцияланды. Қазір еліміздің ауыл шаруашылығында дәлме-дәл есеп жүргізуге қолданылып келеді. Біздің елге керегі де сол, жер анадан ырзық-несібемізді алуды – заманауи деңгейге көтеру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Наука фактически не подключена, здесь есть большой простор, большие возможности коммерциализации ваших проектов. Этот проект является ярким примером внедрения цифровых технологий в сельском хозяйстве. Мне показывали, как это работает – и если это так, урожайность наших полей будет поднята на 30-40%.

Биыл елімізде – Жастар жылы. Өскелең ұрпақтың жасындай жарқылдап, кеңге құлаш сермейтін кезеңі. Яғни бұған дейін жасалған ізгі істер, мемлекеттік қолдаулар, білім алу мен кәсіп ашуға ұсынылған мүмкіндік еселеніп отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда мұның ешқайсы қол жетімсіз еді. Енді міне, көш түзелді, жағдай оңалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Несмотря на это я запустил проект «Болашак». Программа не раз отмечалась международными образовательными рейтингами, как лучшая в мире. Она запустила огромный пласт других. На западе молодежь один год учится, другой зарабатывает деньги для обучения на следующий год, таким образом, зарабатывая себе на учебу сами. Программа «Болашак» подтолкнула родителей к тому, чтобы они начали направлять детей в лучшие образовательные центры мира, и сегодня более 60 тысяч молодых казахстанцев обучаются за пределами Казахстана.

Ал Назарбаев университеті – сол игі істердің жалғасы. Мұнда студенттердің басым бөлігі тегін білім алады. Өйткені өңір-өңірде осы университеттен жоғары дәрежелі білім алуға жол ашатын зияткерлік мектептері ашылды. «Сондықтан оқу орнының түлектері сенімге селкеу түсірмеу керек», - деді Елбасы. Өйткені, университет құрылған 9 жылдың ішінде заманауи инфрақұрылымға ие болды. Аумағында 178 зертхана салынып, 54-і қалыпты жұмыс істеп тұр. 

Елбасы қолынан диплом алғандардың бірі – Айдархан Ізімов. Бүгін ол қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша магистр дәрежесін иеленді. Бұған дейін мұнда бакалавр бойынша да білім алған. Демек арманының тағы бірі орындалды. Енді  PhD докторы атанбақ ниетте. 

Нұрсұлтан Назарбаев түлектерге елімізді гүлдендіру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Бұл күн – ата-аналардың да кеудесін мақтаныш сезімі кернеген күн. Перзенттерінің маңдайалды оқу орнын тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқаны - мерейлерінің үстем болғаны.

Заманауи инфрақұрылым, жоғары білікті маман, үздіксіз әрі сапалы берілетін білім. Мұның бәрі осы оқу орнында бар. Биыл бұл жерден түлектердің бесінші легі түлеп ұшты. Түлеп ұшты да, үлкен өмірге қадам басты. Демек ел экономикасына қажетті еңбек ресурсы толықты деген сөз. Және бұл іс үздіксіз жалғаса беруі тиіс.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Әлібек Әлиев, Жандос Битабаров, Хасен Омарқұлов

Хабар 24 телеарнасы