382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлшара Әбдіқалықова: Университеттерді инновация орталығына айналдыру керек

  • 153
  • UPD: 15:30, 06.06.2019

Студенттердің бойына сіңіретін құндылықтарды барынша арттыру керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары білім алып шыққан түлек білікті маман болғаны жөн. Елордада өтіп жатқан жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумына қатысушылардың пікірі осындай. Форумға ТМД, Азия, Еуропа мен АҚШ-тың жетекші оқу орындарының басшылары, сондай-ақ ұлттық және халықаралық компаниялардың өкілдері келді. Әлемнің 12 елінен 300-ден астам делегат қатысып жатыр. Форум биыл «Болашаққа дайын түлектер» деген тақырыппен ұйымдастырылды. Назарбаев университетінің қабырғасында өтіп жатқан ауқымды шара кезінде сессиялар, пікірталастар мен семинарлар жоспарланған. Онда әр елден келген көшбасшылар өзара пікір алмасып, тәжірибемен бөліседі. Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның білім беру саласының дамуы мен жаңашылдықтары туралы айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Университеттерді инновация орталығына айналдыру керек. Жастар төртінші өндірістік ревалюция кезеңінде, яғни өзгеше экономика кезінде өмір сүруі керек. Сондықтан инновациялар мен бизнес идеяларды дамытуға қолайлы орта қалыптастыру керек. Қазақстанның мемлекеттік саясаты білім беру саласын дамытуға басымдық береді. Көп кезеңді жүйе қалыптасқан. Заңнамалық база жетілдіріліп отырады.

Хабар 24 телеарнасы