382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиядағы қорғасын зауыты Өскемен металлургтері көмегімен іске қосылды

  • 101
  • UPD: 20:48, 11.06.2019

Шығыс қазақстандық металлургтердің білімін шетелдіктер ерекше бағалауда. Сондықтан өндіріс орындары енді ол жақққа тек өнімдерін ғана емес, іс-тәжірибесін де экспорттай бастады.

Мәселен, өскемендік мамандар Австралияда қорғасын зауытын іске қосты.

Тимур Тоқжігітов Өскемендегі қорғасын зауытының директоры. Жаста болса өз ісінің жетік маманы. Жұмысын қарапайым балқытушыдан бастаған ол өлкедегі алып өнеркәсіпте өзін көрсете білді. Осылайша 10 жыл ішінде ең үздік қызметкерлер қатарына қосылды. Айтуынша, осы уақыт ішінде өндірістегі технология да жаңғырған. Зауыт толықтай цифрлық жүйеге тәуелді болып келеді.

Тимур Тоқжігітов, қорғасын зауытының директоры:

- Қазір барлығымыз  ұялы телефон қолданатымыз рас. Сондықтан біз осы алып өндіріс орнын аядай телефонға сыйдырсақ дейміз. Яғни онлайн режімде зауыттағы қандайда бір ақалуықтардың себебін анықтау.Сонда жедел түрде нақты шешім қабылдауға мүмкіндік мол.

Алпауыт зауыттағы жұмыстың қарқыны тіпті шетелдіктерді де таңдай қақтырды. Сондықтан австралиялық әріптестер оларға ерекше бұйымтай да айтыпты. Қорғасын зауытын іске қоспақшы болған олар, өскемендік металлургтердің біліміне жүгінген.

Өйткені Өскемендегі өндіріс әлемде алғашқылардың бірі болып, "Айзасмелт" технологиясын қолданған.Бұл өндіріс қуаттылығын 2 есе арттыруға септігін тигізді.Осындай жетістікке жеткен металлургтер өтініш жасаған өзге континеттегі әріптестеріне өз білімдерін үйретіп қайтты.

Андрей Гурин, ауысым шебері:

- Біз өзіміздің игерген Айза-пештердегі балқыту процестерінің технологиясын оларға  бүге-шігесіне дейін түсіндірдік. Сонымен қатар әрине құралдарды, қалдық құятын машиналарды бақылауда ұстауды,олардың жұмысын қалай реттеу керегін де  үйреттік.Сол жаққа іссапармен барып,  білім алмастырдық.

Осылайша қазақстандық қарапайым жұмысшылардың қолдауымен Австралиядағы қорғасын зауыты  сәтті іске қосылған. Бүгінде аталған өнеркәсіп үлкен қуаттылықпен жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Руслан Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы