389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дан ежелгі сақтардың қонысы табылды

  • 253
  • UPD: 23:55, 11.06.2019
ШҚО-дан ежелгі сақтардың қонысы табылды

Шығыс Қазақстан облысынан ежелгі сақтардың қонысы табылды.

«Бұны Ақбауыр тауының баурайында жүргізілген  археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр» дейді осы жұмыстың басы қасында жүрген белгілі ғалым Зейнолла Самашев. Құнды жәдігерлер арасында керамикалық ыдыстардың сынығы, тас үккіштер, егеу мен қайрақтар, егін егуге қажетті бұйымдар, үй жануарларының сүйегі сынды заттар кездескен. Үй-жай орны мен мен қару-жарақ бөлшектері де табылыпты. Осының барлығы сол кездегі тұрғындардың отырықшылдығын білдіреді.Қоныс орналасқан аумақ үлкен, сондықтан зерттеу жұмыстары бірнеше жылға созылуы ықтимал. Мамандардың сөзінше, енді табылған  дүниелер зертханаларға жеткізіледі. Ал қоныс анықталған жер әзірге мұқият жабылып, зерттеу уақытша тоқтатылды.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы,археолог:

- Бұны әрине сенсация деуге болады. Неге десеңіз қазбаның жаңалығы сол бұрын соңды шығыс қазақстан облысының аймағында осындай қоныс табылған емес.Бұл қол дәуірінің соңы мен ерте темір дәуірінің басына жатады.Екінші жағынан осы табылған дүниелер бізге жауаптан көрі, көп сұрақ туыдырып отыр. Біз тек алғашқы қабатты ғана аштық,арғы жағында қандай деректер жатқаны әлі белгісіз. Сондықтан осы аумақтағы археологиялық жұмыстар жоқ дегенде 10 жылға созылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы