383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Марғұланның мерейтойына орай Алматыда көрме ашылды

  • 106
  • UPD: 14:03, 13.06.2019

Биыл тарихшы-ғалым, академик Әлкей Марғұланның туғанына 115 жыл.

Ғалым мерейойына орай ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Дара тұлға» атты көрме ашылды. Онда Әлкей Марғұланның өмірі жолы мен ғылыми еңбектеріне қатысты жүздеген жәдігер және фотоқұжаттар қойылған.  

Әлкей Марғұлан бар ғұмырын  Қазақстан археология мектебін қалыптастыруға арнады. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап қазақ даласындағы көне ескерткіштерді зерттеуді қолға алды. Жетісу, Оңтүстік, Батыс аймақтарда ежелгі қала мәдениетінің орындарын анықтап Отырар, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық сияқты гүлденген отырықшы тұрмыс орталықтарының болғанын дәлелдеді.

Дәнел Әлкейқызы көрмеге қойылған жәдігерлер туралы айта келе, әкесінің жарқын бейнесін еске алды. 

Данел  Марғұлан, Әлкей Марғұланның қызы:

- Сондай бір тамаша адам болатын. Көп жұмыс істейтін күнде. 15-16 сағттай істейтін. Қазақты сондай жақсы көретін адам. Қазақтың халқын, жерін. Сондай бір ғажайып адам болатын.

Көрмеде суреттер, акдемиктің жеке заттары, құжаттар, ғылыми-зерттеу еңбектері, Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлестерін айғақтайтын музей қорынан алынған дүниелер қойылды. Сондй ақ археологиялық экспедиция кезінде  жиналған неолоит және қола заманның жәдігерлері көрсетілді. 

Жолдасбек Құрманқұлов, Ә.Марғұланның шәкірті:

- Үш айдан көп  таң ертеңнен кешке дейін бірге отырып жұмыс істедік. Сондағы менің көргенім: бір кітаптың бөлімдерінде кейде қайталау, болмаса  жетпей жататын жерлері болады. Сол кезде айтамын мынаусы жетпей жатыр , мынаусы артық екен десем «А, Жолдасжан қалдыра ғой дейді. Таңертең келсем екінші варианты дайын тұрады. Тіпті үшінші вариантын алып келед көрдіңіз ба?

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан топырақ қойнауындағы тарихты аршып алған археолог қана емес, ол филология, этнография, мүсін және сәулет, халық мәденитінің дамуына айрықшы үлес қосты. «Ежелгі жыр аңыздар» еңбегін, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың шығармалары жинағының 5 томын шығарды. Ал Мұхтар Әуезов ғалымға «Әлкей академик емес, академияның өзі» деп баға берген.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы