389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылға дейін аккредиттеуден өтпеген білім ордаларына грант бөлінбейді

  • 384
  • UPD: 20:54, 14.06.2019

2020 жылға дейін халықаралық аккредиттеуден өтпеген білім ордаларына мемлекеттік грант бөлінбейді.

Бұл туралы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің кеңес төрағасы Қазыбай Бозымов мәлімдеді. Кеңес төрағасы осы арқылы жоғары оқу орындары мен колледждердің жауапкершілігі артып, ондағы білім беру сапасы айқындалады дейді. Ал халықаралық аккредитациядан өткен университеттерге мемлекеттік атестаттаудан өту міндетті болмайды. Тәуелсіз агенттік бұған дейін бірқатар отандық және шетелдік университеттердің жұмысын бағалап, арнайы куәлік тапсырған.

Қазыбай Бозымов, тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің кеңес төрағасы:

- Сыртқы сарапшы комиссиямыз мамар-маусым айларында Тәжікстан мен Қырғызстанда жұмыс жасап солардың мемлекеттік құқық саясат университеті мен Қырғыз университетін халықаралық аккредитациядан өткіземіз. Бұл біздің ең үлкен жетістігіміз.

Хабар 24 телеарнасы