389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында медицина мамандарына арналған білім гранттары артады

  • 343
Алматы облысында медицина мамандарына арналған білім гранттары артады

Жергілікті билік осы арқылы өңірдегі дәрігер тапшылығын азайтпақ. 

Аймақта жоғары білімді 120 дәрігер жетіспейді. Қазір еліміздегі медициналық білім беретін университеттерде облыс әкімінің грантына 26 студент білім алып жатыр. Бұдан бөлек биыл 110 дәрігер шетелдерге барып, біліктілігін арттырып қайтады. Бұл мақсатқа шамамен 200 млн теңге бөлінді.

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Әкімшіліктің қолдауымен 25-ке жуық грант алып, жас мамандар оқып жатыр. Бүгінгі берген тапсырмасы бойынша ол грант көлемі ұлғаяды. Сондықтан енді біздегі бар 120 маман тапшылығын жабуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы