389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысынан 5 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануар сүйегі табылды

  • 237
  • UPD: 23:47, 14.06.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің палеонтологтары Екібастұз өңірінен табылған ежелгі мастодонттың сүйегін зерттемек.

Жануардың қалдықтарын су құбырын тартпақ болған Байет ауылының тұрғындары тапқан. Мамандардың пайымдауынша, бұл 5 млн жыл бұрын тіршілік еткен ірі хайуан. Оның сүйегі мен азуында мамонттарға қарағанда айырмашылық бар екен. Сондықтан табылған қалдықтар алып мастодонтқа тиесілі деген болжам бар. Бір қызығы, бұл сүйектер небәрі үш метр тереңдіктен табылған. 

Болат Жұмаділов, биология ғылымдарының кандидаты:

- Бұл сүйектер қазіргі заманғы пілдердің арғы атасы мастодонт болуы мүмкін. Себебі өзге ежелгі сүтқоректілерге қарағанда айырмашылығы көп. Павлодар өңірінде ежелгі дәуірде ну ормандар мен джунглилер көп болғаны белгілі. Мастодонттар шөппен қоректенген. Бұл жерде су ресурстары да жетерлік болған.

Хабар 24 телеарнасы