383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ тілін үйренгісі келетін британдықтар елімізге келе алады

  • 163
  • UPD: 14:37, 16.06.2019

Назарбаев университеті британиялықтарды Қазақстанға шақырды. Мақсат - шетелдіктерге қазақ тілін үйрету.

Бірегей бағдарлама авторлары тілден бөлек ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, тарихи орындармен таныстырмақ. 

Кейінгі 13 жылда Ұлыбритания Қазақстан экономикасына 13 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Қазір бизнесмендерден бөлек қарапайым британиялықтардың да Ұлы дала еліне деген қызығушылығы жоғары. Әсіресе Қазақстанның рекреациялық туристік әлеуеті тартымды. Енді жергілікті мәдениетпен тереңірек танысу үшін британиялықтар Нұр-Сұлтан қаласына келе алады.

Патрик Дьюпарк, Назарбаев Университеті жоғарғы бизнес мектебінің деканы:

- Өте бай тарихы бар. Бәлкім оны жұрт латын және герман тілдері сияқты үйренбеген шығар. Археологтар әрдайым маған Қазақстан тарихи және археологиялық қазыналарға бай деп айтады. Ал елдің мәденитетін ұғу үшін оның тілін түсіну керек.

Тілдік ортада өмір сүріп, деңгейіне қарай қазақша үйренуге арналған бірегей әдістеме сегіз апта оқытылады. Сонымен қатар орыс тілін де үйренуге мүмкіндік бар. Студенттер Назарбаев университетінің кампусында тұрады. Олар Елдордада саяхаттайды, Бурабайға барады. Қорғалжын ұлттық қорығындағы қызыл қанат қоқиқаздарды тамашалап, бүркітшілердің аңға құс салғанын да көре алады.

Леви Дос Сантос, студент:

- Жаңа тіл үйренсем болашақта мүмкіндігім молаймақ. Қазақстан өте тез дамып келеді. Әлемдік қауымдастық алдында танымал. Жаңа тіл үйрену арқылы көкжиегім кеңейетіні айдан анық.

Жиында университеттің «Еуразиялық зерттеулер» және инженерия сияқты академиялық бағдарлармалары туралы да сөз болып, оқу тәртібі түсіндірілді.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы