384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы мемлекеттік грант саны 53 мыңнан асады

  • 275
  • UPD: 13:49, 18.06.2019

Биылдан бастап ақылы оқуға түсуге ниетті азаматтар 4 мәрте Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.

Ал мемлекеттік гранттан үміттілер маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында сынақ тапсыра алады. Қазір 117 мыңнан астам адам өтініш берген, оның 96 мыңы биылғы түлектер. Биылғы грант саны 53 мыңнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбеков жеткізді. Жалпы, мемлекет бойынша 169 тестілеу пункті дайын. Тестке қатысушылар үшін арнайы колл-орталық іске қосылды. Сондай-ақ IELTS сертификаты бар түлектер ағылшын тілі бойынша сынақтан босатылады, есесіне оларға максималды ұпай жазылады. Биыл мұндай түлектердің саны – 708. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі мектептің білім сапасына кепіл емес, сонымен қатар өңірлерде тест тапсырушыларды көлікпен тасымалдау, медициналық көмекпен қамту жүктелді.

Хабар 24 телеарнасы