383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IELTS сертификаты бар түлектер шет тілінен тест тапсырмайды

  • 273
IELTS сертификаты бар түлектер шет тілінен тест тапсырмайды

Қазақстанда биыл ҰБТ-ны тапсыру кезінде IELTS сертификаты барларға да жеңілдік жасалады.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі мәжілісте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Биыл елімізде ҰБТ тапсыру әдеттегіден өзгеше болмақ. Білім жүйесіне бірқатар өзгешелік енгізіліп отыр. Ол жаңалықтар туралы білім жүйесі қызметкерлеріне де, мектеп бітірушілерге де алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгін Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов кеңінен түсіндіріп берді.

«IELTS сертификаты бар түлектер шет тілі пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға осы пән бойынша максималды балл автоматты түрде беріледі. Қазіргі таңда ҰБТ-ға қатысушылардың арасында IELTS сертификаты бар оқушылардың саны – 708», – деп түсіндірді министр.

Айта кетелік, құзырлы министрлік басшысы биылдан бастап ҰБТ тапсыруға қатысты бірқатар жеңілдік берілетінін жария етті.

Хабар 24 телеарнасы