384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жас этнографтар кезекті экспедицияға аттанды

  • 394
  • UPD: 15:27, 19.06.2019
Петропавлда жас этнографтар кезекті экспедицияға аттанды

Бұл жолы олар Уәлиханов пен Есіл аудандарының шалғай елді мекендеріне барып, жергілікті тұрғындармен тілдеспек.

Ондағы мақсат: қазақы ауылдардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерттеу. Саяхатшылардың арасында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері де бар. Олар да елде тұратын қолөнер шеберлерімен, көпті көрген көнекөз қариялармен кездесіп, ақпарат жинайды.

Назым Мәлібаева, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері:

- Осы өңір Қазақстан бойынша аз зерттелген, біріншіден. Екіншіден, материалдық емес мәдени мұра мұрагерлерінің тізімдемесін жүргізу бойынша, біздің Қазақстан Орта Азия елдері бойынша Ресейден әлем бойынша артта қалып келе жатырмыз. Сол себепті осы мәселені біз көтеріп, жан-жақты зерттемек ойымыз бар болашақта.

Хабар 24 телеарнасы