389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтаарал ауданында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр

  • 341
  • UPD: 14:36, 19.06.2019
Мақтаарал ауданында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында құны 2 млрд теңге болатын 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Өндірістік кестеге сәйкес оның екеуі биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Соның бірі Жамбыл ауылдық округіне қарасты Кеңесші елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық білім ұясы. Қазір 3 қабатты ғимараттың құрылысы 70 пайызға аяқталған. Жылдың соңына дейін толық бітіреді деп күтілуде. «Жаңа мектептің оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылады. Мәселен, химия, физика, биология және информатика кабинеттері ерекше жасақталады,-дейді мамандар. Сонымен қатар асхана, кітапхана, спорт залы балалардың сүйікті орнына айналмақ. Бұған дейін Кеңесші елді мекеніндегі 620 бала 1974 жылы салынған 200 орындық ескі мектепте білім алып келген болатын. Енді ауыл балаларының жаңа мектептің табалдырығын аттайын күні де алыс емес. Аудандағы құрылысқа жауаптылардың айтуынша, барлық нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Қазір әр нысанның басында 80-ге жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр.

Қосай Амангелдиев, аудандық сәулет, қала құрылысы және  құрылыс бөлімінің бас маманы:

- Мектеп толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеледі. Ол мердігер мекеме тарапынан нысан басына тасмалданып, орнатылатын болады. Мектеп пайдалануға берілгенде оқушыларға білім алуға толық мүмкіншілік жасалып, жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы