384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 1642 түлек ҰБТ тапсыруда

  • 265
  • UPD: 14:01, 20.06.2019

Бүгін Маңғыстау облысында ҰБТ басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тестілеуге қатысуға мектеп бітіруші 5 мың 596 түлектің 4 мың 298-і өтініш білдірген. Яғни биылғы түлектердің 77 проценті білім сынағынан өтуге ниетті. Бұл – өткен жылға қарағанда төрт процентке артық көрсеткіш.

Талғат Исламұлы, тілші:

– Бүгін Маңғыстау облысы бойынша төрт тестілеу пункті өз жұмысын бастады. Каспий мемлекеттік университетіне қарайтын бір кешен, сондай-ақ Жаңаөзендегі №19 орта мектеп тест тапсырушы түлектердің алғашқы легін таңсәріден бері қабылдап жатыр. Дәл осындай екі пункт Маңғыстау мен Бейнеу аудандарында  ашылған. Полиция және жедел-жәрдем қызметкерлері тартылған әр кешен металл іздегіш, ұялы байланысты өшіретін құралдармен жарақтанған. Айта кетейік, түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуден өту уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды. Осы аралықта заң бұзушылықтардың болмауын ата-аналардан бөлек арнайы комисия мүшелері бақылайды.

Гүлмира Мамаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгін облыс бойынша 1642 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып жатыр. Өткізу пунктеріндегі аудиториялардың барлығы дайын. Ұйымдастыру шаралары қабылданды. Ата-аналар үшін онлайн транслияция залдар, сонымен қатар сайттардан көруге болады.

Талғат Исламұлы, тілші:

– Мемлекеттік білім грантына үміткерлер сынағын бақылаушы комиссия құрамына өлке аумағындағы білім беру бөлімдерінің басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері кірген. Айта кетейік, былтыр облыс мектептерін 5611 түлек бітіріп шықты. Олардың 4123-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, өз білімін сарапқа салған еді. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Дусалиев

Хабар 24 телеарнасы