389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

  • 872
  • UPD: 14:04, 21.06.2019
Түркістан облысында 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды Zakon.kz

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысының 9 ауданында 4 мыңнан астам оқушысы өз білімін таразыға салды. Түлектер 5 пәннен сынақ тапсырады. Оның үшеуі міндетті болса, біреуі таңдау пәні.

Айта кетейік, өңірде тестілеу науқанын жоғары деңгейде өткізу үшін 174 аудиториясы бар 15 орын әзірленген. Ал ондағы қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында іштегі жағдайды сыртқа көрсетуге арналған 38 дана құрылғы қойылған. Сонымен қатар ұялы телефон байланысын тұншықтыруға арналған 167 аппарат пен 23 дана металл іздегіш және тест барысын бақылайтын 180 бейнекамера орнатылған. Биылғы сынаққа Түркістан облысынан 16295 түлек қатысады. Бұл – мектеп бітірген оқушылардың 66 пайызы. Тест тапсыруға ниет білдіргендердің ішінде 1472 «Алтын белгі», 1000-нан астам үздік аттестат иегері бар.

Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының м.а.:

– Биылғы жылдың ерекшелігі, «Алтын белгілер» ҰБТ-да арнайы квотаға ие болмайды. Жалпы, мектеп бітірушілермен бірге текст тапсырады. Бірақ ЖОО тапсырған кезде өзінің ресми жеңілдіктері бар. Облыста ҰБТ 20 маусымнан 26 маусымға дейін жүреді. Ол тестілеу орталықтарының біреуі ЖОО-да, екеуі колледж базасында, қалғаны мектеп базаларында.

Хабар 24 телеарнасы