389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмады

  • 745
  • UPD: 17:26, 21.06.2019
ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмады Zakon.kz

ҰБТ-ның бірінші күні 3 434 түлек межеден аса алмады.

Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 11 361, орыс тілінде - 1 411 адам. 20 маусымда ең жоғары балл 140-тың 137-ін жинады – Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. Өту балынан асқан қатысушылар саны - 9 338, өтпеген қатысушылар саны - 3 434. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған, - деді Әділет Тойбаев. Қатысушылардың жалпы санынан математика - физика комбинациясын 3  963 түлек (білім беру бағдарламаларының 25 тобы, негізінен білім саласы бойынша – 6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары), химия - биология комбинациясын - 2683 (білім беру бағдарламаларының 16 тобы, негізінен білім саласы бойынша 6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары және 6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) таңдап алды. Химия-физика комбинациясын таңдағандар аз болған.  Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

Хабар 24 телеарнасы