384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ алғашқы күнінде жиналған ең жоғары балл қанша болды

  • 359
  • UPD: 09:42, 22.06.2019

Ұлттық Біріңғай тестілеу сынағының алғашқы күні 3434 түлек шекті деңгейден өте алмаған.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді. Сынақтың бірінші кезеңіне 12 772 түлек қатысқан. Оның 11 мыңнан астамы қазақ тілінде білім беретін мектептердің түлегі. Алғашқы күні сынақ тапсырғандардың ішінде бір түлек 137 балл жинап, ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Министрлік өкілінің айтуынша, сынақ кезінде тыйым салынған заттар да табылған. Алайда былтырғымен салыстырғанда көп емес. Ұлттық Біріңғай тестілеу сынағы маусымның 30-на дейін өтеді. Әлі бірнеше кезеңі бар. Биыл барлығы 117 мың түлек сынақ тапсыруға өтініш білдірген.

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ департамент директоры:

- Жалпы Қазақстан бойынша ұлттық біріңғай тестілеу тапсыруға өтініш білдіргендердің 75 пайызы қазақ тілінде өтініш берді. 25 пайыздай орыс тілінде. Және біз гранттарды да солай бөлдік.  Осы өтініштерге қарай отырып. Ең көбірек тапсыратыны балаларымыздың арасында көп таңдағаны бұл жаратылыстану пәндері болып табылады. Математика, физика пәндері.

Хабар 24 телеарнасы